Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"16 жасында жүкті еткен": Алматылық келіншек бұрынғы азаматтық некедегі күйеуі баласын ұрлап кеткенін айтты

Алматыда ер адам 15 жастағы қызбен азаматтық некеге тұрып, 4 жыл оған зорлық-зомбылық көрсетіп келген. Айтуынша, бұрынғы күйеуі одан баланы тартып алып, әлі күнге дейін қорқытады.

Фото: Анна Рыль

“Қорғау” дағдарыс орталығының қызметкерлері Анна Рыль 20 жастағы келіншектің бұрынғы азаматтық некедегі күйеуі баласын тартып алып, қашып кеткенін айтады. 

“Алина қазір 20 жаста, сәбиі 2,8 жаста. Алина 33 жастағы Русланмен 15 жасында танысып,16 жасында одан жүкті болып қалыпты. Қыз я заңды тіркеле алмаған, я оқуын жалғастыра алмаған. Руслан кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін жазаға тартыламын деп қорқып, қорқытып, түсік жасатуға мәжбүрлеген. 17 жасында Алина сәбиін дүниеге әкелсе де, ешкім бұл жағдайға мән бермеген”, – деді Рыль.

Алина кейін ер адамның құмар ойынға тәуелді екенін және дәрігердің рұқсатынсыз психотроптық дәрілерді ішетінін білген. Жәбірленуші 5 рет кетуге тырысқанымен, ер адам оны қайтарып әкелген.

“Қорлық пен ұрып-соғудан, толық бақылау мен қысымнан шаршаған Алина қаңтарда біржола ажырасуға бел буды. Әрі ер адам оның атынан және қыздың анасының атынан несие алыпты. Бірақ Алина кетсе де, Руслан оны жайына қалдырмаған. Баланы көремін деген сылтаумен күнде келіп, Алинаны жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Қарсылық танытқан кезінде “анаң танымай қалатындай соққыға жығамын” деп қорқытып, мойнынан қысып, итерген. Кейін аңдитынды шығарыпты”, – деді дағдарыс орталығының өкілі.

5 сәуірде келіншек полицияға арызданған. Арыз тіркеліп, қосымша қорғау бұйрығы шығарылыпты.

7 мамырда таңертең көшеге шықпақ болып, таксиге отырған сәтте ер адам Алинаға шабуыл жасап, баланы тартып алған. Баланың жылағанына қарамастан, оны көліктен тартып шығарған көрінеді.

“Алина Алматыдағы "Қорғау" дағдарыс орталығының қызметкерлеріне хабарласты. Олар жәбірленушіге қолдау көрсетіп, баланы іздеуге көмектесті. 7 мамыр күні кешке Алматы қаласы Алатау ауданының полицейлері баланы тауып, анасына қайтарды. Ер адам ұсталды. Бойжеткен дағдарыс орталығына орналастырылды”, – деп мәлімдеді Анна Рыль.

Талқылау