Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жарнама щиті аялдамаға құлап, үш әйел ауруханаға жеткізілді

Ақтөбеде 17 сәуірде жарнама щиті адамдар тұрған аялдамаға құлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: diapazon.kz

Ақтөбедегі “Золотой квартал” тұрғын үй кешені ауданында, Әлия Молдағұлова даңғылында аялдаманың шыны жабынының бір бөлігі құлап кетті. Оқиға жарнама щитін орналастырып жатқан кезде болған. Қираған шатырдың бөлшектері үш әйелдің үстіне түсті. Олар автобус күтіп тұрған еді. 

“Зардап шеккен адамдар ауруханаға жатқызылды. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмысты орындау немесе қызметтерді көрсету факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде спорт мектебінің сегізінші сынып оқушысын өзінен бір-екі жас үлкен ұлдар ұрып өлтіргенін жазған едік. Мұны куәгерлер де, сараптама да растады. Қазір күдікке ілінген балалар қамауда отыр. Ұлынан айырылған ата-ана жауыздыққа барған жасөспірімдерді де, алғашында қылмысты барынша жасырған білім ошағының басшыларын да қатаң жазалауды сұрайды. 

Талқылау