Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде күдіктілерді қуған полицейлер жол апатына ұшырады

Ақтөбеде қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді қуған полицейлер жол апатына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: diapazon.kz

Мәліметтерге сүйенсек, жол апаты 9 мамырда болған.

Қалада полиция көлігі күдіктілер отырған ВАЗ көлігін қуып келе жатып, Nissan көлігімен соқтығысқан. Бір жәбірленушіге медицина көмегі көрсетілді. Nissan кері бұрылу кезінде жол ережесін бұзып, төртінші жолаққа ауысқаны айтылды.

"ЖКО дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмысқа күдіктілер ұсталды", – делінген хабарламада.



Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолында тағы бір жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапқаны туралы жаздық. Оқиға 9 мамырда Ырғыз ауылының маңында болған. Самара-Шымкент тас жолында бір бағытта келе жатқан "ВАЗ" көлігі мен MAН жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талқылау