Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы LRT құрылыс алаңында кран құлаған

Астанада 9 мамырда LRT құрылыс алаңында жүк көтергіш кран құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға Керей Жәнібек хандар мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында "Времена года" тұрғын үй кешенінің маңында болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ деп хабарлады.

"9 мамыр күні сағат 11:36-да Астана қаласы, Есіл ауданы, Керей Жәнібек хандар мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан "LRT Construction" құрылыс алаңында ZOOMLION автокранының құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. 

ZOOMLION жүк көтергіш краны China Railway Asia-Europe Construction Investment компаниясына тиесілі. Апаттың алдын ала себебі – шамадан тыс жүктеме”, – делінген хабарламада.

Мәлімдеуінше, автокран тіркелмеген және жұмысқа рұқсат алмаған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылып жатыр.

Талқылау