Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі рэп орындаушы сахнада көз жұмды

27 жастағы оңтүстік африкалық рэпер және ән жазушы Коста Титч өткен жылы Йоханнесбургте өткен музыкалық фестивальде сахнада құлап, қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: instagram.com/costatitch

Күзет оны көтеріп, аяққа тұруына көмектесті. Өнер иесі әрі қарай әнін жалғастырып әкетті. Алайда ол тағы құлады, бірақ бұл жолы аяққа тұра алмады. Адамдар оған көмектеспек болып ұмтылды. 

Жас әншінің өліміне не себеп болғаны белгілі болды. Коста Титч ұзақ уақыт бойы жұмыстан қатты шаршаған. Бұл туралы әртістің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. 

“Біздің команда мен оның отбасы өлімнің себебін анықтау үшін патологоанатомдармен жұмыс істеді. Сараптама нәтижесінен Костаның жүрегіне күш түсіп, оның күйзеліске ұшырағаны белгілі болды. Ол өзінің күйзеліп жүргенін, шаршағанын білмеген. Жүрек соғысы бұзылғандықтан әнші көз жұмды”, – делінген жазбада.

Әншінің шын есімі – Костантинос Цобаноглу. Коста Титч өнер жолын қосалқы биші ретінде бастады. Кейінірек рэпер болды. Қайтыс болардан аз уақыт бұрын ол Эйконның Konvict Kulture жазба лейблімен серіктес болды. Ал Эйкон Коста Титчтің "Big Flex" ремиксінде бой көрсетті.

 

Талқылау