Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдос Сметов ұзақ үзілістен соң Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды

Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов Астанада өтіп жатқан соңғы лицензиялық Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Елдос Сметов Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысының қола жүлдесін жеңіп алды. 60 келіде белдескен отандасымыз алғашқы айналымда португалиялық Родриго Лопесті, екінші кезеңде Юнес Саддикиді айқын басымдықпен ұтқанмен, ширек финалда ресейлік Рамазан Абдулаевқа есе жіберіп, алтын жүлдеден қағылды. Дегенмен жұбаныш белдесуде Айбек Омировті “иппонмен” жеңіп, қола жүлде үшін белдесуде әзірбайжан Ахмад Юсифовтан басым түсті. Осылайша отандасымыз ұзақ үзілістен соң Grand Slam турнирінде жүлдегерлер қатарынан көрініп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында белдескен Ғалия Тынбаева 48 келіде топ жарып, спорттық мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің алтын медалін иеленгенін жазған едік. 

Талқылау