Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалия Тынбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде топ жарды

Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан соңғы лицензиялық Grand Slam турнирінде алтыннан алқа тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысының финалында дейін еш сүрінбей жеткен Ғалия Тынбаева ақтық белдесуде де қарсыласын екі “базари” ұпайымен жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. 48 келіде сынға түскен отандасымыз тунистік Умама Бедиуиді, тайпейлік Чен-Хао Линді, түрік Тугче Бедерді және француз Ширин Буклидінді жеңіп, алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік алған еді. Отандасымыз финалда ресейлік Сабина Гильязованың мысын басты. Осылайша ол спорт мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің алтын медалін иеленіп отыр. 

Айта кетейік, бұл салмақта сынға түскен басқа балуандарымыздың барлығы қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолын ерте аяқтады.  

Талқылау