Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір ай ішінде теледидар мен ноутбук бағасы қымбаттаған

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда бір ай ішінде электроника бағасының өскенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: unitdrive.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы бір айда "Аудиовизуалды техника, фотосуреттер, ақпаратты өңдеу жабдықтары" санатындағы бағалар 19,7%-ға өсті.

“Диагоналы “43-49" теледидарлар 26,9%-ға қымбаттады. Өнімнің белгілі бір түріне арналған деректер 2021 жылдан бері қолжетімді және осы жылдар ішінде мұндай қымбатшылық болған емес. Теледидар статистикасында 2011 жылдан бері мұндай көрсеткіштер мүлде болмаған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ сымсыз құлаққаптар бір айда 26,9%-ға қымбаттаған.

"2021 жылдан бері бұл санаттағы деректерде мұндай қымбатшылық болған емес. Жалпы алғанда, 2019-2020 жылдары жарияланған статистикаға көз жүгіртсек құлаққаптар мұндай қарқынмен қымбаттамаған. Сәуірде ноутбуктер 19,7%-ға қымбаттады. 2016 жылдан бері ноутбуктер мұндай қымбат бағаға сатылмаған", - деді сарапшылар.

Талқылау