Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа қаланың әкімі тағайындалды

Елімізде жаңа құрылған Алатау қаласының әкімі болып Аркен Өтенов тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

"Жаңа муниципалитеттің бірінші басшысы болып мемлекеттік секторда үлкен тәжірибесі бар Аркен Өтенов тағайындалды. Әкімнің тағайындалуы – Алатауды отандық және шетелдік инвестиция тарту нүктесіне, сондай-ақ жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін халықаралық бизнес хабқа айналдыру жоспарын жүзеге асырудағы маңызды қадам", – деп атап өтті Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова.

Бұған дейін ол стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, Аркен Өтенов 1983 жылы 15 қарашада Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Карнеги Меллон университетінде (Болашақ бағдарламасының түлегі, 2010 жыл) білім алған. Ол халықаралық қатынастар маманы, экономист және мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі, президенттің жас таланттар пулының мүшесі болған.



Бұдан бөлек Аркен Өтенов еліміздің банк секторында, мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда, соның ішінде президент әкімшілігінде, қаржы министрлігінде, сыртқы істер министрлігінде тәжірбиелі қызмет атқарған.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 9 қаңтардағы жарлығына сәйкес Алматы облысындағы Жетіген ауылын облыстық маңызы бар қала санатына енгізілді. Алматы мен Қонаев арасындағы жаңа қала төрт елді мекенді қамтиды. Жалпы көлемі қазір 88 мың гектарға тең.

Талқылау