Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық отбасы емханадағы қарыздары үшін Түркиядан елге қайта алмай отыр

Түркияға емделуге кеткен қазақстандық отбасы клиникадағы қарыздары үшін елге қайта алмай отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Валентинаның Instagram парақшасынан

11 жасар Богданның анасы Валентина Instagram парақшасында жұрттан көмек сұрады. Айтуынша, ұлы Богданның жағдайы шұғыл хирургиялық көмекті қажет еткен. Отбасы алғашқы жарнаға алты миллион тауып, алғашқы бес миллионын төлеп, ота жасатқан. Қалған соманы демеуші беруі керек болған. Алайда ақшаны аударуда қиындық туындаған.

"Толық төлемсіз бізді ауруханадан шығармайды. Аурухана басшылығы кепілдік хат та, кепілге төлқұжатымызды тастауға да келіспей қойды. Демеушіміз қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Алайда әлі ақша жоқ. Біз қиын жағдайда тұрмыз. Көмектесіп, бізді қолдайтын және клиникаға барлық ақшаны жібере алатын мейірімді адамдар болса деп үміттеніп отырмыз. Ота сәтті өтті. Бұл шынымен қиын ота болды және ақшасына тұрарлық. Бірақ жағдай, өкінішке қарай, осылай болып отыр", — деп атап өтті баланың анасы.



Отбасы ауруханада екі аптадан астам уақыт болған. Енді баланың анасы адамдардан көмек сұрап жатыр. Айтуынша, бұл отаны балаға Қазақстанда жасай алмаған. Дәрігерлер ешқандай кепілдік бермеген.

Богданның сырқаты туралы наурыз айында Тараз қаласындағы тексеру барысында белгілі болған. Оған алғашында энтеровирустық менингит диагнозы қойылған. Ем алғаннан кейін баланың жағдайы сәуір айында қайта нашарлаған. Мазасыздық белгілері қайта басталғаннан кейін дәрігерлер балада өт ауруы бар деп болжаған. Осыдан кейін дәрігерлер МРТ-жасап, көп ұзамай баланың миына қан кеткенін анықтады. Қазақстанда ісіктің қатерлі немесе қатерлі емес екенін анықтай алмаған. Ал Түркиядағы ота сәтті өтті.

Талқылау