Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лотереяда 2 миллиард долларға жуық ақша жеңіп алған адамның кім екені белгілі болды

АҚШ-та 2023 жылдың қазанында Powerball лотереясынан 1,76 миллиард доллар ұтып алған адамның кім екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

лотерея

65 жастағы Теодорус Страйк Калифорния штатындағы Фрейзер-Парк ауылында тұрады екен. Ер адам Гавайи аралында дүниеге келген, ұлы мен немерелері бар.

Лотереяны ұтып алғанға дейін Страйкта қаржылай мәселелер болыпты. Сондай-ақ 86,7 мың долларға сатып алған қайта үйін кепілге қойған. Ал қаңтарда ипотекасын толық жауыпты. 

Жеңімпаздың көршісі ер адамның немерелерін жақсы көретінін айтқан. Ал наурыз айынан бастап оның жер теліміне кірер жолда "Бөгде адамдарға өтуге болмайды" деген тақтайша пайда болған. 

Талқылау