Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Кhaby қазақ бір туған”: Танымал TikTok жұлдызы Хаби Лейм желіде қазақстандық таэквондошылармен видео жариялады

Сенегалдан шыққан атақты италиялық блогер Хаби Лейм кезекті бейнеролигіне қазақстандық таэквондошыларды шығарды. Видео 15 миллионнан астам қаралым жинаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеоролик кадрларынан

Хаби Лейм өзінің Instagram парақшасында қазақстандық спортшылармен қызық бейне жариялады. Кадрларда жігіт ата-аналарды балаларын таэквондоға жазуға шақырады. Ол балалардың жарақат алмай, айналысатынына кепілдік береді. Алайда жігіттің артында мүлдем басқа көрініс. Керісінше артта жекпе-жекке шыққан балалар бір-бірін теуіп құлатып, есінен танғаны көрсетілген. Хаби Лейм роликте оператор рөлін ойнап, бұл жағдайға түрлі эмоциясын білдірген.

Бұл видео Instagram-да 15 миллионнан астам және TikTok-та 800 мың қаралым жинады.

Хаби Лейм әлеуметтік желілердегі қарапайым тапсырмаларды қиындататын адамдарды сынап, әзілдейтін роликтерінің арқасында танымал болды. TikTok-та Леймге 162 миллионнан астам қолданушы, ал Instagram-да 80,8 миллион адам жазылған.



Желі оқырмандары бұл видеоның астына қызық пікірлерін жаудырды. Әсіресе қазақстандықтар блогерді елімізге шақырып, Қазақстан деп жарыса жазды. 

“Кhaby қазақ бір туған”, “Хаби өзіміздің қазақтың қара баласы екен ғой”, “Ол видеоны сөздерді түсініп жасады ма екен”, “Түсініп тұрғанын айтсаңызшы”, “Пай-пай әртіссіңдер ғой”, – деді желі қолданушылары. 

 

Талқылау