Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресейге бағынышты болғасын қатысуға мәжбүр болды": Жұлдыз Әбдікәрімованың Жеңіс күніне арналған жазбасы көпшілікті сүйсінтті

Танымал актриса, тележүргізуші, кәсіпкер Жұлдыз Әбдікәрімова Жеңіс күнімен құттықтап, тарихтан сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Актрисаның айтуынша, мерекені тойлатудан гөрі аза тұтқанымыз абзалырақ дейді. 

“Бұл күні Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ жерінен қан майданға аттанған 1,5 миллион азаматтың жанкешті ерлігін, олардың тең жартысының қайтып оралмағанын еске алып, аза тұтамыз. Ұлы Отан соғысы емес!
Біріншіден, бұл соғысты бастаған қазақ емес. Қазақстан Ресейге бағынышты ел ретінде ол соғысқа қосылуға мәжбүр болды. Майданға кеткен ерлерімізбен қоса қазақ барын берді. Әр екінші оқ қазақтың қорғасынынан құйылды, әр үшінші танк қазақтың темірі мен шойынынан жасалды. Ет, бидай, күріш, жүн, көптеген басқа да маңызды өнімдер зор көлемде Қазақстаннан жөнелтіліп отырды. Соғыстың қасыретін елдегі әр отбасы сезді. Сол сұрапыл жылдарда отының басында бала-шағамен қалған әр ана батыр еді”, – деп жазды актриса. 



Сонымен қатар соғыс жылдарындағы өмірден сыр шертетін шығармалардан үзінді келтіріп, оқырман ықыласына бөленді. 

“Шерхан Мұртазаның “Ай мен Айша” кітабында Айшаның көрген қиындығын білесіздер. Таң сәріден қара кешке дейін колхоздың жұмысына жегіліп, қара түнде балаларына берер ас таппай, жаны қиналғанда, қақаған қыста пешке салар отын таппай Мұртазадан қалған жалғыз мұра киізүйдің шаңырағын балтамен шапқанда, 11 жасар ұлын безгек шалып, қол-аяғы қалтырап қиналғанда 1 кесе ыстық сорпа бере алмағанда, қара күзде үйіне жете алмай, үш бүлдіршінімен арба үстінде түнегенде мың өліп, мың тірілмеді ме? Өлмеді. Өлтірмеді. Түтінді сөндірмеді. Мен үшін соғыс жылдарындағы әр ана – батыр”, – деп сөзін түйіндеді өнер иесі. 

Еске салайық, Тоқаев Жеңіс күніне орай Мәскеудегі әскери парадқа қатысты. 

Талқылау
Пікір
Светлана
12 Мам, 24 жыл - 01:52

Жұлдыз Абдикаримованын женис кунине жазбасынын  көпшілікті суйсіндіргеніне дәлел бар ма? Және 1 киноға түсіп танымал актриса дегендерініз қате емес па?  Біз оны Қайраттың әйелі ретінде білеміз. Және күйеуінен айрылды деген шуымен келер ұрпаққа өнеге болмай ақ койсыншы. Асыра. Сілтемей жазайык агайын