Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Жеңіс күніне орай Мәскеудегі әскери парадқа қатысты (видео)

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жеңіс күнінің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Белгісіз жауынгердің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Парадты Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Лаос президенті Тхонглун Сисулит, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало тамашалады.

Талқылау