Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысындағы ауылда 250 тонна шөп жанып кетті

Атырау облысындағы шөп қоймасында ірі өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Бүгін Құрманғазы ауданы Қаракөл ауылының шетіндегі ашық жерде 250 тоннаға жуық қордаланған шөп жанып кетті.

4.32 кезінде басталған өрт салдарынан 440 шаршы метр аумақ отқа оранды. 

“Маңайдағы малдың бәрі қауіпсіз жерге айдалды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр”, – деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі. 

Талқылау