Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Мадридтегі турнирде қарсыласын тас-талқан етіп жеңді

Испания астанасы Мадридте WTA 1000 турнирінің үшінші айналым матчтары өтіп, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орында) мен египеттік Майар Шериф (72-орын) кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Sports.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы айқын фаворит болып, қарсыласын 6:1, 6:4 есебімен тас-талқанын шығарып жеңді. Ойын 1 сағат 31 минутқа созылды. 

Осылайша, Елена Рыбакина 1/8 финалға өтті. Ол енді WTA рейтингінде 136-орында тұрған чехиялық теннисші Сара Бейлекке қарсы ойнайды. 


  • Қазақ қызы алғаш рет Эверест шыңын бағындырмақ

Айта кетейік, алғашқы айналымда қытайлық Юань Юэні екі сетте жеңген отандасымыз екінші кезеңде де жеңіске жетті. Ол екінші айналымда италиялық Лючия Бронцеттиті де екі сетте, 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, үшінші айналымға жолдама алды. 

Талқылау