Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшатын автокөлік алғаш рет жолаушымен көкке көтерілді (видео)

KleinVision компаниясының ұшатын автокөлігі алғашқы рейсін жолаушымен жасады. Аталған көлікті электронды музыка пионері Жан-Мишель Жарр сынап көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Ұшақ Словакияның Пьештяни әуежайынан ұшты. Klein Vision қысқа рейстің видеосын жариялады. Көлік ұшу-қону жолағынан ондаған метр жоғары көтеріліп, қайта жерге қонды.

Словакиялық Klein Vision компаниясы 2019 жылы AirCar моделінің алғашқы рейсін жасады. Қанаттары жиналатын көлік 300 км/сағат жылдамдыққа жетеді және ауада 1000 километрден астам жол жүре алады. Көліктің ең жоғары биіктігі – 2,5 мың метр.

AirCar ұшу сертификатын 2022 жылы алды. Көлікті жүргізу үшін ұшқыш куәлігі болуы керек. Сондай-ақ көлік иелері екі айға жуық арнайы оқудан өтуі керек.



Айта кетейік, бұған дейін Шри-Ланкада жарыс көлігі бір топ адамды қағып кеткені туралы жазған едік. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 21 адам зардап шеккен еді.

Талқылау