Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда өтетін соңғы әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын "классиктер" анықталды

Түркиядағы Париж олимпиадасына жолдама беретін соңғы лицензиялық турнирде бақ сынайтын “классиктер” белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Күрес түрлерінен соңғы лицензиялық турнир Түркияның Ыстамбұл қаласында өтеді. 9-12 мамыр аралағында өтетін байрақты бәсекеде белдесетін грек-рим күрес шеберлері белгілі болды. Бас бапкер 67 келіде Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған Дінмұхаммед Қошқарға сенім артса, 97 келіде соңғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Юсуф Мациев сынға түседі. Қалған салмақта балуандарымыз Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған еді. 


Соңғы лицензиялық турнирге қатысатын еркін күрес шеберлері анықталды


Айта кетейік, Бішкекте өткен Азия құрлығының лицензиялық турнирінде қазақстандық грек-рим күрес шеберлері үш жолдама жеңіп алды. 60 келідегі Айдос Сұлтанғали мен 77 келідегі Демеу Жадыраев және аса ауыр салмақтағы Әлімхан Сыздықов финалға дейін жеткен еді. 

Талқылау