Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Атырау қаласының әкімінің кенеттен көз жұмғаны туралы ақпарат тарады

Желіде Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Әкімдік бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аtpress.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото gov.kz-тен

Мұндай ақпарат ТЖ жөніндегі жедел штабтың жалған аккаунтында пайда болған.

Кейіннен ақпараттың жалған екені белгілі болды. Атырау қаласының әкімі жедел штабтың отырысына қатысып, қалада су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасады. 

"Төтенше жағдай режимі кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушыға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін тағы да еске саламыз. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолдану үшін ТЖ жедел штабының жалған аккаунтының иесін іздеумен айналысады, - делінген хабарламада. 



Еске салсақ, Атырау облысы Жылыой ауданындағы Құлсары қаласы су астында қалғаны туралы хабарлаған едік. Қазір Атырау қаласына су басу қауіпі төніп тұр.

Талқылау